15.05.2016, 20:11
Оқылды: 58

БҚО ардагерлер құрамасы топ жарды

Screenshot_2016-05-16-08-16-33-1Бүгін 13-15 мамыр аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында самбо күресінен спорт шеберлері ардагерлері арасында оздырылған Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.


Еліміздің 10 елінен 160-қа жуық спортшы қатысқан бұл сайыста батықазақстандықтар 10 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді.
Атап айтсақ, 35-39 жас аралығында 62 кг салмақ дəрежесінде Қ.Жанғалиев бірінші, А.Ихсанов екінші, 40-44 жас аралығында 68 кг салмақ дəрежесінде Қ.Құсайынов бірінші, 82 кг салмақта Б.Əжіғалиев үшінші, 100 кг салмақта Е.Абатов үшінші, 45-49 жас аралығында 62 кг салмақта Ғ.Жұбашев екінші, 74 кг салмақта М.Төлегенов бірінші, 100 кг салмақта Б.Ихсатов бірінші, 50-54 жас аралығында 68 кг салмақта С.Бекқалиев бірінші, 82 кг салмақта Р.Наурызалиев екінші, 55-59 жас аралығында 68 кг салмақта Қ.Құрмашев бірінші, 82 кг салмақта Ғ.Сатыбалдиев екінші, 60-64 жас аралығында 74 кг салмақта Р.Нұрмашев бірінші, 65-тен жоғары жастағылардың арасында 62 кг салмақта Ч.Иманғалиев бірінші, 68 кг салмақта Т.Жармұхамбетов бірінші, 74 кг салмақта Қ.Əбуов бірінші орынға ие болды.
Сөйтіп, жалпыкомандалық есеп бойынша БҚО құрамасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды ақтөбелік ардагерлер еншіледі, үшінші орынға ОҚО самбошылары табан тіреді.
БҚО құрама командасының бас бапкері - самбодан əлемнің алты дүркін жеңімпазы Қазболат Құрмашев.

www.zhaikpress.kz
Айгүл Ахметова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале