Астана күні қарсаңында Тасқалада су жаңа «Ақниет+» мейрамхана салтанатты түрде ашылды.
Ашылу рәсіміне «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез, мекеме мен бөлім басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі С.Әлиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Жұбанышев жеке кәсіпкер Күнсұлу Сәрсенбаеваны құттықтап, қызыл лентаны кесті.
Халықаралық тас жолдың бойындаашылған мейрамхана 300 адамдық тойларды өткізуге қауқарлы. Сонымен қатар мейрамхана жанынан 24 сағаттық кафесі жұмыс істеуде.
www.zhaikpress.kz
Манас Маратұлы
Тасқала ауданы