6.07.2016, 14:12
Оқылды: 26

Жəнібекте жастарға тұрғын үй берілді

Screenshot_2016-07-06-23-11-28-1Жәнібек ауданының орталығында Астана күніне орай «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 10 тұрғын үй пайдалануға беріліп, оларға мұғалімдер, балабақша, денсаулық сақтау және мәдениет қызметкерлері қоныс тепті.


Бұл мекенжайларды кәсіпкер Есқайыр Елемесов басқаратын «Символ» ЖШС құрылысшылары екі айдың ішінде іске қосты. Аудан орталығында қызмет ететін 10 жас маманға пәтер кілтін табыс ету рәсімінде сөз сөйлеген аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин көпшілікті Астана күнімен шын жүректен құттықтап, аудандағы жас мамандарға бұдан былай да барлық жағдайдың жасала беретінін айтып, пәтер кілтімен қоса естелік сыйлығын да тарту етті. Жаңа қонысқа ие болған жас мамандардың атынан сөз алған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың теолог маманы Азат Қаратай өздеріне көрсетіліп отырған осындай қамқорлықтары үшін Елбасына, облыс, аудан әкімдеріне жүрекжарды ризашылығын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Н.Жапақов
Жəнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале