11.07.2016, 18:55
Оқылды: 26

Халықаралық спорттық ойындарында садақ атудан жерлестеріміз қола жүлдені қанжығаларына байлады

Yakutia    2016 жылдың 05-17 шілде күндері Якутия қаласында (Саха Республикасы, Ресей Федерациясы) өткен VI-шы Халықаралық «Азия балалары» спорттық ойындарында садақ атудан жерлестеріміз Нурушев Алихан және Ильясова Алина жұптасып, 18 команданың ішінде қола жүлдені қанжығаларына байлады.


   Тартысты сайыста І орынды Бангладеш, ІІ орынды – Ресей Федерациясы, ІІІ орынды – Қазақстан Республикасы иеленді.

Нурушев Алихан Жасұланұлы – 14.03.2001 ж.т., СШҮ, Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпазы (2015 ж.), Мичурин атын. ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы. 2014 жылдан бері № 4 БЖСМ-нің садақ ату бөлімінде жаттығады. Жаттықтырушысы - Тян Юлия Вадимовна.

   Ильясова Алина Идеятқызы23.04.2001 ж.т., СШҮ, № Қазақстан Республикасы Чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, № 9 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы. 2013 жылдан бері № 4 БЖСМ-нің садақ ату бөлімінде жаттығады. Жаттықтырушысы - Тян Юлия Вадимовна.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале