12.07.2016, 17:20
Оқылды: 18

Жыл басталғалы 21 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Жыл басталғалы 21 жол-көлік оқиғасы тіркелген     Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі жол техникалық инспекциясының мемлекеттік аға инспекторы Арнұр Шоқпановтың айтуынша,  бірінші жарты жылдықта ауданда 21 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

     Нәтижесінде 10 адам қаза болып, 24 жолаушы жарақат алған. Апаттың 10-ы жылдамдықты асыру, 2-уі қарсы бағытқа шығып кету, 6-уы маневрді дұрыс орындамау, 1-уі жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзу, 2-уі жаяу жүргінші жолында болған.


    Негізінен жол апатының 19-ы көлік жүргізушінің немқұрайлылығынан болып отыр. Жол ережесін дұрыс сақтамай өрескел қателіктер жіберу, заң бұзу әлі күнге дейін түзелмей келеді. Демек, көлікті тізгіндеген жүргізушінің өзі түгілі, өзгенің өміріне деген жауапкершілікті сезінбейтіндігі.

www.zhaikpress.kz

Д.БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале