15.07.2016, 18:31
Оқылды: 29

Металлургтерге арналған экспонаттар

 Металлургтергеарналған экспонаттар  Қазақстан шілденің үшінші жексенбісінде Металлург күнін атап өтеді. Аталған мереке қарсаңында Елбасының кітапханасында сақталған экспонаттар қатары жаңартылды. Экспонаттар арасынан«Қазақстанның тұңғыш шойыны»естелік кәдесыйын ерекше атап өтуге болады.

   1960 жылдың 3 шілдесінде №1 Қарағанды металлургиялық зауыты тұңғыш рет қазақстандық шойынды балқытты. Бұл шараға үш күннен кейін 20 жасқа толған жас жұмысшы, кенші Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұл күн сол кезден бастап өндіріс орнының туған күні болып саналады.


    Зауыт қызметкерлері Қазақстандағы және барша Орталық Азиядағы жалғыз домна пешінің іске қосылуына, алғашқы қазақстандық шойынның балқытылуына Елбасының өзінің қатысқаны туралы осы күнге дейін үлкен мақтанышпен айтып келеді. Мемлекет басшысының еңбек жолы осылай басталған еді.

   Сонымен қатар, кәдесый топтамасында бағалы металдар қорытпасынан құйылған бес монета - «Балқаштың алғашқы алтыны» бар. Айтакету керек, Балқаш кен-металлургиялық комбинатының медалі 1967 жылы әлем бойынша үздік деп танылды. Бүгінгі күні мысбалқыту мекемесі «Қазақмыс» корпорациясының еншісінде.

    Экспозияға Павлодар аллюминий зауытынан 2007 жылы әкелінген «Алғашқы қазақстандық алюминийі» өнім үлгісі қойылған. Президенттің  металлург ретіндегі еңбегі туралы тағы бірнеше экспонат сыр шертеді. Олардың арасынан «Теміртау» мүсіні, Қарағанды металлургтері сыйлаған көзілдірік пен каска, «Казцинк»кәдесыйы және РФ Президенті Владимир Путиннен сыйға тартылған «Құрыш қорытушы» мүсінінерекше айтуға  болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале