20.07.2016, 17:10
Оқылды: 32

Мұражай қоры жаңа жәдігерлермен толықты

мұражайЖаңақала ауданында аудандық Д.Нұрпейісова атындағы өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен «Жәдігер сыйлайық» акциясы өтті.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен іс-шараның ашылуында сөз алған аудан басшысы Л.Хайретдинов өлке тарихын жас ұрпаққа таныту мәселесіне тоқталып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

-  Әлі де болса жастарымыз біліп-көрмеген құнды дүниелеріміз жетіп артылады. Ал, оның маңыздылығы өте жоғары. Сол себепті «Жәдігер сыйлайық» акциясының маңызы зор. Әлбетте, бұл оңай жұмыс емес. Біз әрқашан мұндай игілікті істерге қолұшын беруге дайынбыз, -деген аудан басшысы алғашқылардың бірі болып ата-бабасы тұтынған самаурынды мұражайға табыстады.

мұражай1Аудандық мұражай директоры А.Сәлімов аталмыш акцияның маңыздылығына тоқтала келе, барлық қатысушыларға алғыс айтты.

Іс-шараға Е.Орақбаев, М.Жүнісов, Т.Ажақов, Қ.Саркенов сынды ауданымыздың біртуар перзенттерінің ұрпақтары мен туған-туыстары қатысып, олардың қолданған құнды жәдігерлері мен естелік бұйымдарын тарту етті. Жаңажолдық К.Қабошев өзі шаруашылыққа тұтынған бірнеше тонналық түйе сәрелін тарту етсе, Б.Жұбантаев сарматтар кезеңіне жататын ат әбзелдері, өзге де бұйымдарды мұражайға ала келіпті.

Сонымен қатар, Ш.Ишанғалиев, Н.Мақанов, Б.Текебаев, К.Қабошев сынды ауданымыздың белсенді азаматтары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері мен мекеме, бөлім басшылары белсене қатысып, бірнеше тарихи жәдігерлер сыйлады.

Айта кетейік, «Жәдігер сыйлайық» акциясы аясында мұражайға 200-ге жуық жәдігер жинақталды.

Акцияға белсене қатысқан барша аудан тұрғындарына аудан әкімдігі атынан Алғыс хат табысталды.

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале