26.07.2016, 18:06
Оқылды: 42

Құрметті меймандар - Хан ордасында

А-38-1 Өмірде де, өнерде де қол ұстасып қатар келе жатқан Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешева  араға сегіз жыл салып, тағы да Бөкей ордасына табан тіреді.  

Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің ұйымдастыруымен, кешен қызметкері Л.Тайырованың сценарийі бойынша Хан ордасы ауылдық Мәдениет үйінде Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбеков пен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Өтекешевамен «Мәңгілік махаббат жыры» тақырыбында кездесу кеші өтті.

Өздерін әлемге әйгілі еткен кинодан бөлек, 40 жылдан  астам уақыт М.Әуезов театрының сахнасында сан алуан бейнелер сомдап, өнер құдіретімен күллі қазақтың абыройын тасытып, мерейін үстем етіп жүрген өнегелі тағдыр иелерінің емен-жарқын отырып, шерткен сырларына көрермен ерекше ризашылықтарын білдірді.

Кеш соңында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басА-38-2қармасының басшысы Дәулеткерей Атауұлы мен аудан әкімінің орынбасары Рүстем Мүлкайұлы құрметті меймандарға алғыстарын айта отырып, Бөкей орда ауданы жұртшылығы атынан Құман ағаға  шапан жапса, жерлесіміз Меруерт апаға шәлі орамал сыйлады. Екінші күні қонақтар Бөкей ордасы тарихи-музей кешенін аралап, музей экспозициясымен танысты. Жәңгір, Дәулеткерей, Мұхаммед-Салық кесенелерінде болып, рухтарына тағзым етті.

Л.ЕДІЛБАЕВА,
                                                                                     Бөкей ордасы тарихи-музей кешені әдіскері
Бөкей ордасы ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале