29.07.2016, 16:07
Оқылды: 33

Балғындар татамиге шықты

????????????????????????????????????

Подстепный селолық округінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен аудандық ашық турнир басталды.


Додада  Федоров, Подстепный, Ақжайық, Шаған, Ұзынкөл, №4 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, Орал қалалық олимпиадалық резерв мектебі командалары бақтарын сынауда.  Турнирдің ашылу салтанатына аудандық бөлім басшылары, аудандық әкімдік өкілдері және спорт ардагерлері қатысты.  Алдымен сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Өтеғалиев татамиге шыққан жас өрендерге сәттілік тілеп, нағыз мықты жеңіп шықсын деген лебізін білдірді.

Сонымен қатар, құттықтау сөз сөйлегендердің қатарында облысымызға танымал спорт ардагері Б.Кувашев болды.

????????????????????????????????????

Турнирдің бас төрешісі Сұңғат Бекқалиевтің айтуынша, аталмыш жарыс толықтай 1 күнге созылмақшы.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале