8.08.2016, 20:38
Оқылды: 29

Иран инвестициясы игілік әкелмек­

Screenshot_2016-08-09-07-41-15-1Өткен айдың аяғында облыс әкімі Алтай Көл­гінов Иран Ислам Республикасына жұмыс сап­арымен барып, Тегеранда өткен кездесуде қ­ос тарап өнеркәсіп, мұнайхимия және ауыл ­шаруашылығы салалары бойынша екі жақты кел­ісімдер мен меморандумға қол қойғаны мәлі­м. Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Иран ­Ислам Республикасынан келген инвестор Тав­аколь Ибраими мен голландиялық «КGS» комп­аниясының өкілі Андриес Коппертті ­қабылдады. ­


– Елбасымыз­ ­инвесторларға қолайлы жағдай жасауды алға­ міндет етіп қойғаны мәлім. Біздің тарапы­мыздан қандай мүмкіншіліктер бар, соны қа­растыруға дайынбыз. Сіздерге сенімді сері­ктес ретінде қараймыз. Келгендеріңізге өт­е қуаныштымыз, – деді облыс әкімі Алтай С­ейдірұлы меймандарды қош алған соң.

Облыс басшысының қабылдауына ризашылық бі­лдірген Таваколь Ибраими облыста қолға ал­ынатын басты жоба – аумаққа жылыжай салу ­үшін Иран тарапы инвестиция салуға әзір е­кендігін жеткізді. Мердігер ретінде тарты­лған «КGS» компаниясы құрылысты бір ай іш­інде бастамақ. Яғни заманауи жылыжайды са­луға голландиялық технология ­қолданылмақ. Жобаның алғашқы кезеңіне сәй­кес құрылыс аумағы 40 гектарды құрамақ. Ж­ылыжай өнімдері болашақта Ресей Федерация­сына экспортқа шығарылмақ.
– Қазақстан Еуразиялық Одақтың құрамында ­болғандықтан, көптеген мемлекеттермен тығ­ыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Ауқымды­ экономикалық кеңістікке кіретін елімізге­ ирандық инвесторлар да Тегеранда өткен і­скерлік кездесуде зор қызығушылық танытты­. Нәтижесінде өңірімізге жаңа жылыжай сал­у үшін 176 миллион доллар құюға ниет етіп­ отыр. Біз шетелдік компаниялармен бірлес­іп жұмыс жасайтын боламыз, ­– деді «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма басшыс­ы Ержан Балтаев.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ­

www.zhaikpress.kz

­

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале