8.08.2016, 21:55
Оқылды: 56

Халық қалаулылары кәсіпкерлермен кездесті

received_1757323671182382Бүгін облыстық кәсіпкерлік палатасында сенат және мәжіліс депутаттары Рашит Ахметов, Ерболат Мұқаев, Кеңес Абсатиров, Снежана Имашева жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.


Кәсіпкерлік палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Валерий Жүнісов кәсіпкерлердің күнделікті жұмыс барысында кездесетін біраз мәселесін атап өтті. Соның ішінде ішкі әуе рейстерін қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру, (Орал-Атырау), (Орал-Ақтөбе), (Орал-Ақтау). Импорт алмастыру мақсатында өңірімізде тағам кластерін одан әрі өркендету, жергілікті етті өңдеушілерге субсидия төлеу мәселесін жолға қою қажеттігін алға тартты. Кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берген халық қалаулылары олардың ұсыныс-тілектерінің жұмыс топтарында қаралатынын айтты.

Кездесуде кәсіпкерлер талап-тілектерімен қоса, бизнестегі түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған өз ойларын да ортаға салды.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале