25.08.2016, 12:32
Оқылды: 54

«Допинг» және «Құқық тәртібі»

погон«Допинг» жедел алдын алу шарасы барысында Ақжайық аудандық ІІБ Тайпақ полиция бөлімшесінің қызметкерлері тайпақтық 24 жастағы бір тұрғынның қалтасынан улы өсімдіктің марихуана түріне ұқсас затты тапты. Бұл зат сараптамаға жіберілді. Ал «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасының тек бір тәулігінде жол полициясы жол қозғалысы ережесін бұзғандарға 8 хаттама толтырды. Айталық, соның ішінде – 4 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, бір жүргізуші көлікке арақ ішкен күйінде отырған.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале