26.08.2016, 17:00
Оқылды: 19

«ДЕМ» – үздіктер қатарында

«ДЕМ» – үздіктер қатарында  Бүгін Орал қаласында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсы өткен болатын. Көрмеге Қаратөбе ауданынан қатысқан «ДЕМ» минералды сусын шығаратын цех иесі Сержан Ашығалиев «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


   «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік бөлімі ұйымдастырған көрмеге қатысушы қаратөбелік кәсіпкер Сержан Ашығалиевті облыс әкімі Алтай Көлгінов марапаттап кәсібіне табыс тіледі,- дейді БҚО кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе ауданындағы филиалының директоры Рысты Тойшыбаева.

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале