29.08.2016, 10:14
Оқылды: 20

Кәсіпкер әйелдер саны артуда

DSC_0796               Ауданымыздағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалы кәсіпкер әйелдермен кездесу өткізіп, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, бизнес жолындағы қиындықтары жайында сөз өрбітті. 


 

Оған жеке кәсіпкерлер Әсел Ижанова, Татьяна Кузнецова, Ғабдіжамал Мусиева, Әсем Темірбекова, Алмагүл Местная, Жанар Хабибуллаева және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалы қызметкерлері қатысты.

-Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты мақсаттарының бірі кәсіпкерлердің заң жүзінде құқығын қорғау. Қоғамдық мониторинг жүргізіп іске деген құлшыныстарын арттыру, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына септігін тигізіп, отандық өнімді қолдау. 2016 жылы ауданымызда 2651 орта және шағын бизнес субъектілері тіркелді. Оның 1904-нің жұмысы жақсы жүруде. 2016 жылы  ұлттық кәсіпкерлер палатасына 70 кәсібін ашамын деген әйел жолыққан.

Одан әрі қатысушылар өз кәсібіндегі қиындықтар мен кедергілерді тілге тиек етті. Бір-біріне ақыл-кеңестерін айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Негізінен кездесетін қиындықтар құжаттарды рәсімдеу, жалға алатын тұрақты орындарды табу екен. Алайда палата тарапынан көрсетіліп отырған қызмет те аз емес. Оның үстіне тегін.

 

Динара Беріш

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале