29.08.2016, 10:51
Оқылды: 18

Ұстаздар ұлықталды

ұст (1)Озаттарды марапаттау рәсімінде құрметті мейман Зайраш Шайханова жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген Жахатов Руслан Каспиұлы мен Таңатов Нұрлыбек Серікұлына (екеуі де М-С.Бабажанов атындағы орта мектебінен), Ғұмарова Айгүл Әбуханқызына (М.Мәметова), Қазенова Айзада Тұрарбекқызына (А.Құсайынов) облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасын ұсынды. Осы күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің ең жоғары кәсіби наградасы – Ыбырай Алтынсарин атындағы медалі де өз иесін тапты. Нақтырақ айтсақ, аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов ұзақ жылғы еңбегі арқасында бұл жоғары награданы Жәңгір хан атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Денгизбаев Рафаэль Идрисұлына өз қолымен салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар аудан басшысы республика, облыс көлемінде білімдарлығын байқатып, түрлі байқауларда жүлдегерлер сапынан көрінген жәңгірхандық қос ұстаз Рита мен Гүлмира Алмурзиналарды, бабажановтық Руслан Жахатовты және ұзақ жыл білім саласында абыройлы қызмет еткен Нарболова Найлягүл Камалқызын Алғыс хатпен марапаттады. Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің басшысы Ержан Иманбаев та бір топ әріптестеріне Мадақтама қағазын ұсынып, түрлі номинацияларда үздік деп танылған ұжымдарды атады.

Р.Шоратегі

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале