29.08.2016, 14:06
Оқылды: 78

Ата Заңым – ардағым

кон (1) 26 тамыз күні Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Конституция күніне орай «Ата Заңым – елдігімнің тұғыры» атты дөңгелек үстел оздырылды.


         Дөңгелек үстелде алғаш сөз алған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының міндетін уақытша атқарушы Жұлдыз Әлібекқызы кеш қонақтарына қош келдіңіздер айтып, айтулы мерекемен құттықтады.

Шарада Конституция  туралы бейне көрсетілім көрсетіліп, жалынды жырлар оқылды.кон

Кеш соңы облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың библиогрофы Дариға Сағидоллақызы «Азат елдің ата заңы» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.

Отырысқа Мұхит атындағы ОЖББМ, Қаратөбе мектеп-гимназиясының мұғалімдері қатысып отырды.

 

Райымбек Абаев

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале