29.08.2016, 20:44
Оқылды: 25

ҚР Конституциясының 21 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Kagjanov  Қадыр Мырза Əлі атындағы мəдениет жəне өнер орталығының амфитеатрында ҚР Конституциясының 21 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.



Шарада сөз алған облыс əкімінің орынбасары Марат Тоқжанов жиналғандарды Ата заң мерекесімен құттықтап, тəуелсіз мемлекетіміздің дамуындағы Конституцияның рөлі мен маңызына тоқталды.
Концертте ҚР ІІМ "Күзет" мамандандырылған күзет қызметінің "Ақжайық" ансамблі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы жəне басқа да өнер ұжымдарының өнерпаздары сахнаға шықты.

ҚР Конституциясының 21 жылдығына орай Сырым ауданының орталығынан Орал қаласына веложорық ұйымдастырылған болатын. Күндізгі сағат 11:00-де Жымпитыдан шыққан қырық шақты велоспортшылар кешкі сағат 8:00-де Қадыр Мырза Əлі атындағы мəдениет жəне өнер орталығының алдына келіп тоқтады.
150 шақырым жол жүріп келген оларды Орал қаласының əкімі Нариман Төреғалиев, облыстық дене тəрбиесі жəне спорт басқармасының басшылығы қарсы алып, құрмет көрсетті.
Айта кетейік, соңғы үш жыл бойы Конституция күні қарсаңында мұндай веложорық ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін спортшылар Ақсай-Орал, Чапаев-Орал бағытында жолдарды жүріп өткен болатын.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале