30.08.2016, 23:55
Оқылды: 26

Облыс әкімі еңбек ардагері Михаил Иванович Усовты қабылдады

kabildau akim   Өңірге танымал басшы, еңбек ардагері Михаил Иванович Усов 85 жасқа толды. Осыған орай оны облыс әкімі Алтай Көлгінов қабылдап, құрмет көрсетті.


  М.Усов Ресейдің Челябі облысында туып-өскен. 1955 жылы Челябі ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтын үздік бітіргеннен кейін жолдамамен еңбек жолын Орал қаласында бастады. Орал ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру техникумында бес жыл еңбек етіп, сосын №9 техникалық училище директоры болды. Зеленов аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері, бастығының орынбасары, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Содан кейін облыстық партия комитетінің екінші хатшысы ретінде 15 жыл бойы қызмет етіп, сол кездегі өңір басшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахим Ықсановпен бірге қоян-қолтық жұмыс жасады. 1984-1987 жылдары облыстық атқару комитетінің төрағасы болды.

  М.И.Усов ұзақ жылғы жемісті қызметі үшін екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», Халықтар достығы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

   Қазіргі кезде Орал қаласында тұратын ардагер тәуелсіз елімізде, соның ішінде Ақ Жайық өңірінде болып жатқан оң өзгеріс-жаңалықтарға қуанатынын айтып, өзін қабылдап, құрмет көрсеткені үшін облыс басшысына ризашылығын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале