31.08.2016, 12:04
Оқылды: 22

Жас маманға – баспана!

Общ.вПриурал        Приурал ауылында жас мамандарға арналып салынған жатақхана ашылды. 


Жаңа жатақхананың алдына жиналған ауыл тұрғындары салтанатты жиынға куә болды. Мемлекеттік Гимн орындалған соң, алғашқы сөз аудан әкімі Алдияр Халеловке берілді. «Елбасы тапсырмасын басшылыққа ала отырып, жас мамандарға қолдау көрсетіп, олардың жұмыс жасауына жағдай жасау – біздің міндетіміз», - деп атап өткен Алдияр Сансызбайұлы еңбекке енді араласқан мамандар ел өркендеуіне қомақты үлес қосатынына сенім білдірді. Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы С. Құлманғожиева мен әйелдер қоғамының төрайымы А.Жұмағалиевалар аудан басшылығына ризашылықтарын білдірді. Осы ғимараттың құрылысын жүргізген оралдық «Беккалиев» ЖК директоры С. Беккалиев мұнда орналасатын мамандар өз істерінің шебері болуларын тіледі.

ключОбщежитиеСыңғырлап тұрған ғимараттың лентасын Алдияр Сансызбайұлы мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Павел Лобушкин кесіп, шашу шашылды. Алдияр Сансызбайұлы Приурал мектеп-балабақша кешеніне келген екі жас маман А.Кажгалиева мен А.Джубаньязоваға, осы мектеп-балабақша кешенінің әдіскері С.Жумаеваға, ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы Ш. Раскуловаға бөлме кілттерін табыс етті. Сонымен қатар жатақханадағы отбасылы жандарға арналған екі бөлменің біреуі осы ауылдық округте бес жылдан бері еңбек етіп келе жатқан, екі баласымен пәтер жалдап тұрған Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Есенғали Уразғалиевке берілді.

М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-ды  бітіріп, ауылға келген жас маман А.Шиманбаева жас мамандарға берілген бөлме жайлы әрі толықтай жабдықталғанын айтып, қуанышымен бөлісе келе, жастарға қолдау көрсетіп отырған ауыл мен аудан әкіміне, жеке кәсіпкерге ризашылығын білдірді.  Бұл пилоттық жоба Бөрлі ауданында Приурал ауылдық округінде бастау алып отырғанын айта кету қажет. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін бұл жатақханада ыстық және салқын су бар, ас пісіретін жер, ванна, бәрі де әр бөлмеде жеке-жеке орнатылған. Селолық округ әкімі Т. Райымқұлов жас мамандарды тұрғын үймен қамту мәселесі шешуде бұл шара үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Биылғы жаңа оқу жылында ауылдағы мектеп-балабақша кешеніне 6 жас маман келген.

Ясипа Рабаева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале