31.08.2016, 14:08
Оқылды: 44

Шырайлы шаралар өтті

СырымКонституцияЖымпитыдағы С. Датұлы атындағы мәдени – демалыс саябағында «Конституция – Тәуелсіздігіміздің айғағы» атты салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков аудан тұрғындарын ҚР Конституциясы күні мерекесімен құттықтады.


 

Аудандағы еңбек ұжымдарының белсенді қызметкерлері осы шарада марапатталды. Кейін жымпитылықтар мен аудан меймандары мерекелік концертті тамашалады.

Мейрам күні аудан тұрғындары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ҚР Конституциясы күніне орай мерекелік велошеруге шықты. Шерушілер аудан орталығындағы Алашорда, С. Датұлы, Абай, С. Сейфуллин, Б. Қаратаев және Амангелді сияқты басты көшелермен жүріп өтті. Велошеруді «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі мен «Қайсар» спорт клубы ұйымдастырды.

Шерудің үздік қатысушыларын аудан әкімі Абат Шыныбеков марапаттады. Велошеруге қатысқан «Үздік отбасы» болып Төлеуовтер жаняұсы танылды. Сырым ауданының орталық ауруханасы «Үздік ұжым», ал Марат Тоқтаров, Еркін Шүренов және Зинеддин Бисекенов «Ардагер спортшы» аталымдарын алды. Нұрсұлтан Мақсотов шерудің «Жас спортшысы» атанды.

Күні кеше «EVEREST» супермаркеті ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ҚР Конституциясы күніне орай мерекелік ұтыс ойынын өткізді.

 

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале