1.09.2016, 10:11
Оқылды: 31

Жаңа оқу жылында облысымызда 93 мыңнан астам шәкірт мектеп табалдырығын аттамақ

jana oku jili  Облысымызда мектептерінде жаңа оқу жылында 93 мыңнан астам шәкірт білім алмақ.

  БҚО білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 11 мыңнан астам бала 1-сынып табалдырығын аттайды. Өңірде барлығы 385 мектеп болса, соның 324-і ауылдық, 61-і қалалық жерде орын тепкен.


  Облыстағы білім беру саласының бюджеті 2005 жылмен салыстырғанда, 4,9 есеге өсіп, 53,1 млрд. теңгеге жетті.

  Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап білім беру саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы 29 пайызға артуына байланысты еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін енгізу үшін республикалық бюджеттен 10,9 млрд. теңге бөлінді.

  Соңғы он жылда 16317 орындық 39 мектеп және 4380 орындық 15 балабақша салынып, іске қосылды. Биыл шетелдік инвестиция есебінен Оралда жастар мен оқушылар сарайы бой көтеруде. Ал Шыңғырлау ауданы орталығы Шыңғырлау ауылында Ұлттық қор қаржысына 290 орындық балабақша құрылысы аяқталып келе жатса, Зеленов ауданы Озерный ауылында жергілікті бюджет есебінен 48 орындық мектеп тұрғызылуда.

  «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 1,548 млрд. теңгеге 10 білім нысанын (9 мектеп, 1 балабақша) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, мұның 1,005 млрд. теңгесі республикалық, 543,8 млн. теңгесі облыстық бюджеттен қаралған. Оған қоса жергілікті бюджет қаржысына 159,7 млн. теңгеге тағы бір мектеп, шетелдік инвестиция есебінен 527,0 млн. теңгеге қос бірдей білім нысаны күрделі жөнделуде.

  Сонымен қатар білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесі де назарда. Биыл жергілікті қазынадан мектептерді компьютерлік техникамен жарақтандыруға 259,8 млн. теңге, робот техникасының құралдарын алуға 365,6 млн. теңге жұмсалды.

  Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру бағытында 1 қыркүйек, Білім күні барлық білім беру мекемелерінде алғашқы сабақ «Мен өз Отанымның патриотымын» деген тақырыпта өткізілмекші.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале