2.09.2016, 10:42
Оқылды: 26

Ерболат Байбатыров кезекті күміс жүлдеге ие болды

 Erbolat Baibatyrov  Ресей Федерациясы Кстово қаласында самбодан  «Самбо бойынша СССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы М.Бурдиковке арналған мемориал»  халықаралық турнирі болып өтті. Аталмыш турнирге 8 елдің дүлдүл спортшылары қатысты: Беларусия, Грузия, Ресей, Израил, Қазақстан, Молдова, Өзбекстан және Украин елдерінен. Бұл додаға 57 келілік салмақпен БҚО ІІД инспекторы полиция аға лейтенанты Ерболат Байбатыров қатысып, шешуші финалда Ресей елінің спортшысы Артем Щербаковке жол беріп, жүлделі екінші орынға ие болды.


  Батыс Қазақстан облысы ІІД басшылығы мен жеке құрамы әріптесін кезекті жеңісімен құттықтап, Қазақ елінің намысын қорғау жолындағы еңбегіне толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале