6.09.2016, 16:25
Оқылды: 45

Сырымдық суретшілер мен қолөнер шеберлерінің «Тәуелсіздікке тарту» атты көрмесі ашылды

Sirim korme  Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мега-жобасы аясында Сырым ауданы «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының» жас суретшілері мен қолөнер шеберлерінің «Тәуелсіздікке тарту» атты көрмесінің ашылуы өтті.


 Жас суретшілердің туындыларын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысып, көрмені тамашалауға келген қонақтарға алғысын білдірді.

   Көрмеге былғары, кесте, витраж, бисер, гобилен, мүсін, кескіндеме, батик және киізден жасалған туындылар қойылған. Аталмыш шарада «Тәуелсіздікке тарту» атты арнауымен Мейірбек Жампозов, Құрманғазының «Балбырауын» күйін Тимур Сағынғалиев, «Алға Қазақстан» атты әнін Нұркелді Ғабдуллиндер орындап шараның шырайын кіргізді.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале