7.09.2016, 11:39
Оқылды: 18

Данияр Елеусінов- туған жерінде

Daniar Eleusinov Akim karsilap alu02  Бүгін Орал халықаралық әуежайында батысқазақстандықтар Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, жерлестері Данияр Елеусіновті отбасымен бірге зор құрметпен қарсы алды.

  Туған жеріне облыс басшылығының арнайы шақыртуымен келген Данияр Қала күніне орай өтетін мерекелік шараларға қатысатын болады.


   Чемпионды қарсы алуға облыс әкімі Алтай Көлгінов, жанкүйерлері, қала тұрғындары мен облыс спортшылары келді.

   -Даниярды, ата-анасы мен жақындарын, барша батысқазақстандықтарды Рио-де-Жанейродағы Олимпиададағы тамаша жеңісімен құттықтаймын. Сенің арқаңда Қазақстанның туы желбіреп көтерілгенде, Қазақ елі бірге қуанып, өзіңді мақтан тұтты! -деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

   Бүгін түстен кейін чемпион өзін асыға күтіп отырған ауылдастарымен қауышу үшін туған жері - Қазталов ауданына аттанады.

   Еске салайық, бокстан Казақстан құрамасының капитаны, жерлесіміз Данияр Елеусінов Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алған болатын.

Ә.Кереев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале