8.09.2016, 10:23
Оқылды: 52

Оралда xалықаралық инвестициялық форум өтуде

 %d0%b2%d1%8b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b2%d0%ba%d0%b0  Дәл қазір Орал қаласында III Халықаралық инвестициялық «WestKazInvest-2016» форумы өтуде.

 - Шара облыстың инвестициялық даму әлеуетін таныстыру, аймақаралық ынтымақтастықты нығайту, энергетика, машинажасау, инфрақұрылым мен ауыл шарушылығы салаларында аймақаралық және екі елдің бірлескен кәсіпорындарын құруды мақсат етті, -дейді ұйымдастырушылар.


DCIM100GOPROGOPR0638.

Шараға еліміздің орталық және жергілікті атқарушы билік өкілдері, дипломатиялық миссиялар, Иран, Финляндия, Германия, БАӘ, Түркия, Қытай, Әзірбайжанмен Ресей, т.б. елдердің қаржы мекемелері және даму институттары, ұлттық және шетелдік компаниялары қатысуда. Тауар өндірушілердің көрмесіне 80-нен астам компания өнімдерін қойған.

  Бүгін Теннис орталығында форумның пленарлық отырыстары, панельді секциялары, екіжақты B2B және B2G кездесулері өтіп, меморандумдарға қол қойылмақ.

   Сондай-ақ шара қонақтары облысымыздың өндіріс нысандарын араламақ.

 Бұл форум өңірдің экономикасының дамуына серпін беріп, тұрақты инвестициялар тартылуына үлес болмақ.

Нұрлыбек Раxманов
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале