14.09.2016, 17:15
Оқылды: 21

Ауылдың жас балуандары – жеңіс тұғырында

%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beОрал қаласында Спорт күні кәсіби мерекесіне арналған жастар мен жасөспірімдер және қыздар арасында қазақ күресінен ашық турнир өткізілді. Бұл жарысқа 7 команда, 110-нан астам балуан қатысты. Атап айтсақ, Орал қаласы, Шыңғырлау, Бөкей ордасы, Сырым, Қаратөбе және Жәнібек аудандарының спортшылары өнер көрсетті.

Ұлттық спортымыздан оздырылған байрақты бәсекеде Жаңақала ауданының жас балуандары да бақ сынап, жүлдеден құр қол қайтпаған болатын.

Облыстық турнирде 26 келіде боз кілемге шыққан Е.Ізбасаров қарсылас шақ келтірмей I орынды жеңіп алса, осы салмақта С.Самигулин 2 орынды еншіледі. 29 келі салмақта белдескен А.Миразат шеберлігі мен мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, турнирдің жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, 29 келі салмақта Н.Ерғалиев, 32 келі салмақта И.Қыдыров, 38 келі салмақта М.Рысқалиев, 57 келі салмақта М.Жұмабев, +57 келі салмақта Қ.Такешовтар III орындарды олжалады. Ал, 32 келі салмақта А.Зинуллаев II орынды еншілеп келді.

Облыстық турнирде оза шауып, аудан абыройын асқақтатқан балуандарымызға сәттілік тілейміз. Биік белестерден көрініп, жауырындары жерге тимесін дейміз.

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале