16.09.2016, 10:38
Оқылды: 31

Ақсайда противогаз өндірілмек

%d0%b0%d2%9b%d1%81%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%b0-%d0%bf%d1%80%d0%be%d1%82%d0%b8%d0%b2%d0%be%d0%b3%d0%b0%d0%b7-%d3%a9%d0%bd%d0%b4%d1%96%d1%80%d1%96%d0%bb%d0%bc%d0%b5%d0%ba   Ақсай қаласында «Гузу Алматы» ЖШС-ның газға қарсы құрылғыны (противогаз) өндіру жобасы ашылды. Бұл айтулы шараға облыс әкімінің орынбасары И. Стексов пен аудан әкімі А. Халелов қатысты.


Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас директоры Д. Юрченко айтып өткендей, мұнда ОМ-90 әскери газқағар және СМ-6 жалпы азаматтық газқағар өндіріліп, жиналады. Жобаның құны – 3,0 млн. евро. Өндірістің қуаттылығы жылына 200 мың бірлік газға қарсы құрылғы шығармақ. Кәсіпорында 100 адам жұмыспен қамтылатын болады. Аталмыш жоба өңірлік индустриаландыру картасына еніп отыр. Кәсіпкерлер палатасымен келісімшартқа отырған кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020»
бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының төртінші бағытының кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес
шаралары бойынша кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнінде бір жыл бойы тегін көмек алады. Д. Юрченко келген қонақтарды кәсіпорын шығаратын құрылғылармен жеке-жеке таныстырып, жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ кәсіпорынның Чех серіктестіктерімен бірлесіп жеке қорғану құралдарын шығару мүмкіндіктері жөнінде айтылды.  Игорь Валерьевич компанияға тұрақты даму тілеп, кәсіпорынға қашанда қолдау көрсетілетінін айтты.

Ясипа РАБАЕВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале