21.09.2016, 16:53
Оқылды: 23

Оқуға жіберілмек

%d1%82%d0%b0%d1%81%d0%ba%d0%b0%d0%bb%d0%b0Қыркүйектің 21-і күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева қоғамдық қабылдау өткізді.


 

         Қоғамдық қабылдауға келген Оян ауылының тұрғыны Б.Құрманиязова өзінің және ұлы мен қызының тұрақты жұмысы жоқ екенін айтып, осы мәселенің шешімін табуын өтінді. Оған аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Кентоғаева қызын іс жүргізу мамандығы бойынша бір айлық оқуға жіберіп, оқудан кейін жұмысқа орналастыруға болатындығын жеткізді. Өзін және баласын Оян орта мектебіне алдағы уақытта жасалынатын құрылыс жұмыстарына тартып, тек ол үшін міндетті түрде еңбек биржасына тіркелу қажеттілігін түсіндірді. Сондай-ақ қабылдауға аталмыш ауылдан Ш.Ахметова келіп, апасының баласы Абай Дүйсекешовтың денсаулығының жұмысқа жарамсыздығына байланысты топ мүгедегін алу мәселесін көтерді. Бұл мәселе бойынша аудандық аурухана директорының орынбасары Н.Дүйсекешова жауап беріп, Абайдың толық медициналық тексерістен өткеннен кейін ғана арнайы комиссия мүшелері шешім шығаратынын тілге тиек етті.

М.ӘЖІҒАЛИЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале