21.09.2016, 17:50
Оқылды: 33

Тасқалалықтар олжалы оралды

%d0%bf%d0%b0%d1%83%d1%8d%d1%80%d0%bb%d0%b8%d1%84%d1%82%d0%b8%d0%bd%d0%b3Жуырда Орал қаласында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай классикалық пауэрлифтингтен облыс чемпионаты өтті.


         Чемпионатқа Орал, Тасқала және Бөрлі құрама командалары қатысып, бақтарын сынады. Талай рет республикалық, облыстық додаларда топ жарып жүрген тасқалалықтар бұл жолы да құр қайтпай, олжалы оралды. Атап айтсақ, 36 келі салмақ дәрежесінде І орынды Дамир Темірғалиев, 44 келіде ІІ орынды Диас Сигуатов, 48 келіде І орынды Дәурен Жакупов, 59 келіде І орынды Дархан Орынғалиев және 93 келіде ІІ орынды Нұркен Маштаковтар ұтып алды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Манас МАРАТҰЛЫ

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале