22.09.2016, 9:09
Оқылды: 25

Сессияда маңызды мәселелер

????????????????????????????????????

   21 қыркүйек күні VI шақырылымдағы Қаратөбе аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына  аудан әкімінің орынбасары Рашт Иманғалиев, ауылдық округ әкімдері, мекеме және бөлім басшылары қатысты.


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Аудандық  мәслихаттың  2015 жылғы 23 желтоқсандағы №37-3 «Қаратөбе ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен  толықтырулар туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Шынаргүл Қожахметова баяндады.

Сессияда қаралған екінші мәселеде «Қаратөбе ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті  полиция қызметінің бастығы лауазымына келісім беру туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сұлтан хабарлама жасап аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті  полиция қызметінің бастығы лауазымына полиция майоры Еркебұлан Қуаншалиевтің кандидатурасын ұсынды.

Отырыста қаралған мәселелер бойынша пікірлерін білдірген аудандық мәслихат депутаттары Нұрлан Оразов пен Гүлнар Мусаева әріптестерін бірауыздан қолдауға шақырыды.

          Күн тәртібіндегі үшінші және төртінші мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың  «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 наурыздағы №20-2 «Қаратөбе аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» және «Қаратөбе аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» №6-4 шешімінің жобасын бекітуді сұраған аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жора Жанғазиевтың, «Қаратөбе ауданы әкімі жанынан кәсіпкерлердің Қоғамдық кеңесі консультативтік-кеңесші органы құрамына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрбол Бозовтың, «Аудандық кәмелетке  толмағандардың  істері және олардың құқықтарын  қорғау  жөніндегі комиссияның  құрамына өзгерістер енгізу туралы» аудандық білім беру бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Берікжан Ғарапшиевтың ұсыныстары аудандық мәслихат депутаттары тарапынан қолдау тапты.

Сессияны қорытындылап сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев маңызды мәселелердің оң шешілуіне қолдау білдірген аудандық мәслихат депутаттарына ризашылығын жеткізді.

Отырыс соңында аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев №3 Жусандыой сайлау округінен  депутат Ирина Классенді 50 жасқа толу мерейтойымен құттықтап әріптестері атынан құттықтау хат пен сыйлық табыстады.

 

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале