22.09.2016, 17:25
Оқылды: 29

Қандағы қантты тексеріп, жүректің жұмысын тыңдады

%d0%b4%d0%b0%d0%b2%d0%bb%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%b5Шыңғырлау ауданында 28- қыркүйек күні атап өтілетін бүкіләлемдік жүрек күніне орай адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда артериялық қан қысымын өлшеу шарасы өтті. Бұл шара жалпы еліміз бойынша өтіп жатқан осы аттас акция аясында оздырылды.  Аудандық орталық аурухана мекемесінен дәрігерге дейінгі тексеру маманы Роза Темисова мен «Салауатты өмір салты» кабинетінің мейірбикесі, жас маман  Әсем Серікқалиева «Дана» базары мен «Барыс» сауда орталығында, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында, аудандық «Серпін» газеті, орталық кітапхана ұжымдарында,  «Гламур» әсемдік салонында болып, тұрғындардың қан қысымын өлшеп, денсаулықты күту және қан қысымын қалыпты ұстау бағытында дәрігерлік кеңестер берді. Мамандар сондай-ақ, көз аясының қысымы, қандағы қант мөлшерін өлшеп, дәрігерлердің мұндай қамқорлығы көпшілік ризашылығын тудырып, көптеген тұрғындар жүрек қағысы мен тамыр соғысының аужайын біліп алды.%d1%81%d0%b0%d1%85%d0%b0%d1%80%d0%be%d0%bc%d0%b5%d1%80

Денсаулық сақтау саласында 35 жылдан бері қызмет атқарып келе жатырған Роза Николайқызы қан қысымындағы немесе қандағы қант мөлшеріндегі өзгерістер болған жағдайда аудандақ емхана дәрігерлеріне, «Салауатты өмір салты» кабинеті мамандарына жолығуға кеңес берді.

Дәрігерлер тұрғындарға жүрек, қан-тамыр сырқаттарын емдеу және күтіну тұрғысындағы көмекші кітапшаларды да таратты. Аталмыш шара күні бойы жалғасты.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале