22.09.2016, 18:02
Оқылды: 24

Ауыл ажарлана түседі

dsc_0057         Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта түнгі жарықтандыру шамдары бар заманауи бағаналар көбеюде. Айталық, бүгінде Меңдәлиев атындағы көше бойында 1000 метр, Исаев атындағы көшеде 700 метр ұзындықта сондай бағаналар орнатуды Оралдан «Қалдығайты» ЖШС-нің жұмысшы-қызметкерлері атқаруда. Аталған учаскелерді жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 11 миллионнан астам теңге бөлінген.

Сонымен қатар аталған серіктестіктің жұмысшы-қызметкерлері Чапаевтың оңтүстік-батысында 35 гектар аумақты алып жатқан ертеңгі жаңа тұрғын үйлер салынатын жерлерді жарықтандырудың қам-қарекетіне кірісті.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале