23.09.2016, 9:48
Оқылды: 29

Діни экстремизмнің алдын алу жайы сөз болды

%d0%b4%d1%96%d0%bd%d0%b8-%d1%8d%d0%ba%d1%81%d1%82%d1%80%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d0%b7%d0%bc%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d0%bd-%d0%b0%d0%bb%d1%83-%d0%b6%d0%b0%d0%b9%d1%8b-%d1%81%d3%a9%d0%b7Аудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы оздырылды. Жиында аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов төрағалық етіп, күн тәртібінде екі мәселе: біріншісі аудан жастарын теріс діни ағымдардан сақтандыру бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы, екіншісі діни экстремизмнің, теріс діни ағымдардың алдын алу және дәстүрлі ислам дінін насихаттау бағытындағы Ақоба, Күйгенкөл, Тау, Ұзынкөл ауылдық округтеріндегі атқарылған жұмыстар туралы сөз болды. Бірінші мәселе бойынша «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Нұралиев баяндама оқыса, екінші мәселе бойынша аталған округтердің әкімдері атқарылған жұмыстары туралы слайд арқылы түсіндіріп, тақырыпқа сай ауылдарындағы өзекті мәселелерді ортаға салды.

Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Біржан Нұрланұлы қорытындылап, ақпараттық насихат тобы мүшелерінің жұмысын одан әрі жандандыру, кестеге сай жұмыстарды жоспарлап, оның жүзеге асырылуын қадағалау керектігін айтып өтіп, жауапты органдарға нақты тапсырмалар берді.

Арайлым Рашитқызы

                                                                                  www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале