23.09.2016, 10:12
Оқылды: 23

Неге екпе жасатпайды, дәстүрлі мектеп киімінен неге бас тартады

%d0%bd%d0%b5%d0%b3%d0%b5-%d0%b5%d0%ba%d0%bf%d0%b5-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d0%b0%d1%82%d0%bf%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b-%d0%b4%d3%99%d1%81%d1%82%d2%af%d1%80%d0%bb%d1%96-%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%bfАқжайық ауданының орталығы-Чапаевта «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» атты «дөңгелек үстел» өтті. Сонау заманнан бері жұртымызға серік болған салт-дәстүрді сақтау, барша мойындаған құндылықтарды қастерлеу жайында әңгімеленді. Жастардың өз дәстүрін қадірлеп, қолдана білуі, ұлтжанды тұлға болып қалыптасуы үшін рухани баюы туралы жан-жақты айтылды.

Бас қосуда бөтен діни ағымда жүрген отбасылардағы әке-шешелердің балаларына тиісті медициналық екпе жасатпауы, дәстүрлі мектеп киімінен бас тартуына байланысты алаңдатар түйіндер ортаға салынды.

-Оқу ордасында әлеуметтік өзгешеліктерді болдырмау, яғни біркелкі мектеп формасын сақтаудың маңызы қандай екенін айтып жату артық. Ал түрлі аурудың алдын алуда ғылыми да, күнделікті өмірде де пайдасы дәлелденген екпелерді балалар мезгілінде алған абзал.. Соның бәрінің сайып келгенде, ұл-қыздың еш кедергісіз білім алуы және денсаулығы ойдағыдай болуы үшін маңызы ерек,- деді Ішкі саясат бөлімінің басшысы Тілек Ғабдушев.

Аудандық орталық аурухананың қызметкері Арайгүл Жұмахметова медициналық екпелердің пайдасы мен түрлі кеселдермен күресу жолдары жайында баяндады. Мысалы, екпенің туберкулез, күл кеселдері,қызылша, шешек сияқты қауіпті аурулардан қорғап, иммунитетті күшейтуде тиісті екпелердің орны зор.Өкінішке қарай,ауданымыз бойынша 54 бала тиісті екпе алмаған. Сондықтан түсінік жұмысын одан әрі тереңдету хақында мәжілісте қам-қарекеттер белгіленді.

Асыл дініміз Ислам адамның саулығы үшін жалпы жұрт мойындаған екпелерге ешқандай тыйым салмайды, қайта кеңінен құптайды. Осы орайда «дөңгелек үстелде» аудандық білім бөлімінің басшысы Мереке Зиналиев өзінің ой-толғамдарын ортаға салды. БҚО Дін мәселерін зерттеу орталығының теолог-маманы Наурыз Убаев, аудан прокурорының орынбасары Ерлан Жаңбырбай, Ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Қайрат Хасенов, «Таным» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрман Бисеғалиев, Чапаев ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жігербай Қажығалиев, ата-аналар, мұғалімдер ұлттық тәрбиеге қатысты пікірлерімен бөлісті.

Бек Сүйініш

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале