23.09.2016, 11:43
Оқылды: 24

Жас барысқа екі палуан жолдама иеленді

%d0%b6%d0%b0%d1%81-%d0%b1%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%811Орал қаласында республикалық «Жас барыс» турнирінің облыстық кезеңі мәреге жетті. Ұлттық күресімізді кеңінен насихаттап, салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты дамытуды және ең бастысы болашақ Қазақстан барыстарын дайындау мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатырған турнирде өңіріміздің 11 ауданынан келген жас палуандар бақ сынады. Аталмыш жарысқа Зеленов ауданы атынан барған жас барыстар да өздерін жақсы қырынан көрсете алды. Атап айтар болсақ, 57 келіде бақ сынаған Орынтай Жангереев ІІІ орын,  46 келіге дейінгі бозбалалар арасында кілемге шыққан Дәурен Шүйінішқалиев ІІ орынды місе тұтса, 42 келіде белдескен Бекзат Қайырғалиев пен 57 келіде боз кілемге шыққан Ақылбек Қабдолмәжит жарыс жеңімпаздары атанып, 3-4 қараша күндері Қостанай қаласында өтетін турнирдің республикалық кезеңіне жолдама иеленді.

Аудан намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымыздан бұдан да биік нәтижелер күтеміз.

Түгелбай Бисен

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале