23.09.2016, 11:06
Оқылды: 34

БҚО әкімінің Бөрлі ауданына сапары

 

55b37d41-c2c3-4593-be04-b404ce5c1761БҚО əкімі Алтай Көлгінов бүгін Бөрлі ауданына жасаған іссапарында Бөрлі-Ақсай-Жымпиты автожолының жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.


505a3ae5-b7cb-4153-b314-b6c41afc164aАталған жолдың 12 шақырымына "Елжас" ЖШС орташа жөндеу жүргізуде. Серіктестік директоры Амангелді Рысқалиев жөндеу жұмысын белгіленген мерзімінен бұрын, қазанның 15-інде, бітіретінін айтты.

"ҚПО б.в. басшылығы жол құрылысына негізгі қаражатқа қосымша 10 млн. бөлуге келісті. Бастысы, сапа болуын талап етеміз", - деді өңір басшысы.

48897cc5-9acc-4488-b279-f645d3efa076Автожолдың 26-38 шақырымын жөндеуді "Перспектива КАН" ЖШС қолға алған. Серіктестік басшысы жол құрылысын жай бастағандарын мойындап, мерзімінде аяқтауға уəде берді.

 Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале