23.09.2016, 14:08
Оқылды: 18

«Сіз қоғамға керексіз» атты кеңес өтті

%d0%bf%d1%80%d0%be%d0%b1%d0%b0%d1%86%d0%b8%d0%b9Зеленов аудандық №1 пробация қызметінің мамандары аудан орталығында шартты түрде сотталғандар мен темір тордың ар жағынан келген азаматтарға арналған кездесу өткізді. Шалыс басқандарды жұмыспен қамтып, қайта қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында оздырылған кеңеске аудан прокурорының аға көмекшісі Қуантай Сағынаев, аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Дархан Мазимов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тілекбай Төлепқалиев, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Виктор Баштавенко және орталық аурухана психологі Юлия Яфарова қатысты. Кездесуді ашып жүргізген аудандық №1 пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы Азамат Байболатов үстіміздегі жылы сотталғандармен қандай жұмыс жүргізілгенін баяндаған соң сөз кезегін қонақтар алды. Алдымен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатырған көмектер мен ұсынылатын жұмыстар жайында Тілекбай Қажымұратұлы сөз қозғап, еңбек етемін деген адамға қай жерден болса да жұмыс табылатындығын айтса, Виктор Григориевич жұмыспен қамту орталығы арқылы тек жұмыс тауып қана қоймай, өзіңіз қалаған мамандыққа оқып алуға да мүмкіндік болып отырғанын да жиналғандарға түсіндірді. Одан әрі денсаулық саласында көрсетілетін тегін мемлекеттік қызметтер мен ішімдік, темекі, насыбай сияқты зиянды әрекеттердің денсаулыққа тигізетін кері әсері туралы Юлия Ринатовна баяндап берді. Сондай-ақ жиын барысында соңғы уақытта аудан көлемінде заң бұзушылық фактілері 39 пайызға кемігені мен ұсақ қылмысқа барған азаматтардың жазасын барынша жеңілдетіп, әр қылмыскердің түзелуіне мүмкіндік берілетіндігі жайында аудан прокурорының аға көмекшісі Қуантай Есенұлы айтып берсе, пробация қызметінде тіркеуде тұрған әр азаматқа құқықтық, әлеуметтік көмектің міндетті түрде көрсетіліп отырғандығы жайында Дархан Болатұлы баян етті. Кейін кеңес қатысушылары шартты жаза мерзімін қалай қысқартуға болатындығы жайында сұрақтарын қойды. Бұған жауап берген құқық қорғау қызметкерлері өзін жақсы қырынан көрсете білген әр сотталушының жазасын қысқарту үшін қолдан келген кез-келген көмектерін аямайтыдығын айтып, аталмыш продедураның қалай іске асатындығын бүге-шүгесіне дейін үсіндіріп берді.

Жиынды қорытындылаған №1 пробация қызметінің инспекторы Бауыржан Есқалиев шалыс басқандарға қайта қылмыс жасаудың арты неге апаратындығын түсіндіріп, «Сіз қоғамға» крексіз атты брoшюраларды таратты.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале