23.09.2016, 15:14
Оқылды: 20

Қаратөбеде Еңбек мерекесіне орай өңіраралық форум өтті

%d1%84%d0%be%d1%80%d1%83%d0%bc%d1%82%d1%80%d1%83%d0%b4%d0%b0Еңбек мерекесіне орай Қаратөбе аудандық ішкі саясат және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында  өткен «ЕҢБЕК, ҚОҒАМ, БІРЛІК» тақырыбындағы өңіраралық форумда аудан әкімі Асхат Шахаров сөз сөйлеп,  ауданның еңбек ардагерлері мен аудан экономикасын өркендету жолында үздік еңбегімен көрініп жүрген бір топ  аудан еңбеккерлерін айырықша маңызға ие Еңбек мерекесімен құттықтап, қоғамдағы және адам өміріндегі  еңбектің рөлі мен маңызы турасында әңгіме өрбітті.


          Аға ұрпақ өкілдері аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Дәулетов, ұзақ жылдар ұстаздық етіп шәкірт тәрбиелеген және ауданда басшылық қызметтерді атқарған зейнеткер Мәулен Қожахметов, жас маман, теолог, аудандық мәслихат депутаты Әмірбек Жәнібеков мерекеге орай еңбек туралы келешек ұрпаққа өнеге боларлық өз ойларын ортаға салды.

Форумның күн тәртібінде еңбек нарығына сай техникалық кадрларды даярлайтын аудандағы бірден-бір  білім ордасы Қаратөбе колледжі директорының өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Қалиевтің баяндамасы тыңдалды.

Аудан басшысы заман талабына сай білікті кәсіби мамандар даярлау жұмысына жан-жақты назар аударды. Колледждегі теориялық білімді практикамен ұштастыра оқуту мәселесіне тереңірек тоқталып, осыған орай дуалды оқыту жүйесі бойынша Б.Қалиевке сауалдар қойып, бұл мәселеге қатысты жан-жақты жұмыс жүргізу бағытында нақты тапсырмалар берді.

Алқалы басқосудан кейін аудандық мәдениет үйінде мерекелік шараның марапаттау рәсімі өтті. Аудан әкімі Асхат Шахаров өнегелі еңбегі мен қызметтегі жетістіктеріне орай  бір топ үздік еңбекерлерді алғыс хатпен марапаттады. Олардың қатарында Саралжын ауылдық округіндегі «Жеңіс» шаруа қожалығының жетекшісі Серғали Тастаев, сулыкөлдік Самалбек Жаймашев, Еңбек ардагерлері жусандыойлық Зайзағат Бөлеғалиев, қаракөлдік Орынғали Дүйсенғалиев, Қоскөл ауылдық округінің механизаторы Ғалымжан Нұрмұханов, егіндікөлдік шопан  Аманша Жалғасбаев, қаратөбелік авткөлік жүргізуші Егінғали Қуанов, мәдениет қызметкері Алмагүл Рахметова, мал дәрігері Ерлан Сүйеуғалиев, әлеуметтік сала қызметкері Жаңылсын Есқалиева, аурухана қызметкері Әлия Нұғыманова, Қаратөбе колледжінің оқытушысы Мереке Сағидуллин, ауыл зейнеткерлері қаратөбелік Абат Аңшыбай, Альфия Мұхамедрахимова, шөптікөлдік Мағзом Есендосов бар.

Республикалық «Парыз» конкурсына қатысушы екі бірдей аудан кәсіпкері Мұрат Ізтелеуов пен Гүлнар Мұсаева Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың дипломымен марапатталды.

Ауданның ауылшаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан еңбек майталманы ханкөлдік Зайзағат Бөлеғалиев мерекелік марапатқа сай ыстық ықласын бідіріп, Еңбек мерекесіне орай ұзақ жылдардағы еңбегін елеп, құрмет көрсеткен аудан басшысының еңбегіне сәттілік тіледі.

Мереке салтанаты аудан көркемөнерпаздарының концертік бағдарламасына ұласты.

                                                                                Ерболат РАЙСОВ

                                                                                Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале