24.09.2016, 16:31
Оқылды: 22

Облыс əкімі Киров-Шежін су магистраліне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысын көрді

%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc-%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d1%82   Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов Киров-Шежін су магистраліне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысын көрді. Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округіндегі Киров су қоймасының бұл тармағы 180 шақырымнан астам ұзындықта созылып жатыр.


  Биыл қазан айында су арнасының 55 шақырым бөлігін жөндеу аяқталады. Сонымен қатар, қазіргі кезде екінші кезең жұмысы жүргізілуде. Магистральдың 74 шақырым бөлігін жөндеуді "Қазсушар" РМК БҚО филиалы, "Уральскводстрой" АҚ, "Азиятехстрой" ЖШС қолға алған. Су арнасын шөгінділерден тазарту, тереңдету, кеңейту жұмыстарымен қатар, магистраль бойында қақпаларды қарауылдайтын қызметкерлерге арналған үйлер салынуда, көпірлер жөнделуде, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Мердігерлер іске қосқен эксковаторлар су арнасын тынымсыз тазалауда. "Азиятехстрой" ЖШС жұмысшылары бір аптада алғашқы баспананың қабырғасын көтеріп үлгерген. "Екінші кезең жұмысын бітіруге 854 млн. теңге жұмсау қажет. Қазіргі кезде 120 миллион теңге қаржы игерілді", - деді облыс басшысына жұмыс барысын баяндаған "Қазсушар" РМК БҚО филиалының директоры Нұрболат Жұмағалиев.

 - Екінші кезең жұмысын аяқтауға алдағы уақытта республикалық бюджеттен 600 млн. теңге бөлінеді. Бұған өңірімізден сайланған ҚР Парламент депутаттары да ықпал етті. Енді үшінші кезең бойынша Киров-Шежін су магистралінің 54 шақырымын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Егер қаражат бөлінсе, келесі жылы бастаймыз. Бұл кезеңде 18 шақырым су арнасы жаңадан қазылады. Жалпы бұл жобаның мақсаты - бұл магистраль арқылы Жайық суын Қараөзенге жеткізу. Сонда Ресейдегі Еділ өзенінен босатылатын су құнына төлейтін 100 млн. теңге қаражаттан 30 миллион теңге үнемдейміз. Сондай-ақ төрт ауданның аумағын қамтитын 133 мың га суармалы жер пайда болады. Магистраль бойына шаруа қожалықтары орналасып, жұмыс орындары ашылады, - деді облыс əкімі Алтай Көлгінов.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале