25.09.2016, 0:45
Оқылды: 23

Биыл облыста 300 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізілуде

%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc-%d0%b6%d0%be%d0%bb-000%d0%b0    Облыс әкімі Алтай Көлгінов Чапаев-Жалпақтал-Қазталов бағытында жөнделіп жатқан автожол учаскесінде болды. Ауыр техникалар жол бетіне шайыр төсеп, тегістеп жатыр  екен.


    – Биыл бұл күре жолдың 18 шақырымы қазан айына дейін күрделі жөнделуі тиіс.  Қазіргі кезде Жалпақтал ауылының тұсына келді. Негізгі межеге алты шақырым қалды. Келесі жылы Қазталов ауданына дейін асфальт жабындысын төсеуге жобалық-сметалық құжаттаманы дайындаймыз. Соған байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен келіссөздер жүргіздік. Жөндеу жұмысы кестеге сәйкес жүруде. Биыл облыста 300 шақырымнан астам жол күрделі жөнделуде. Барлық жол құрылысы уақтылы аяқталады. Елбасы тапсырмасына сәйкес қаражат жеткілікті бөлінуде, – деді өңір жетекшісі.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале