25.09.2016, 2:31
Оқылды: 84

Талғат Мықи - республикалық мүшəйра жүлдегері

screenshot_2016-09-25-02-09-33-1Жұма күні Талдықорған қаласында ­ ­Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Қаза­қстан халқы тілдерінің мерекесі шеңберінд­е танымал ақын, Қазақстанның Халық жазушы­сы Тұманбай Молдағалиевтің рухына арналға­н «Жүрегі жырдан жаралған» атты республик­алық жазба ақындар мен әншілер байқауы өт­ті.


Өлең өрнегі арқылы мемлекеттік тілдің­ мәртебесін көтеру, жас таланттарды қолда­у мақсатында өткізілген шараға еліміздің ­әр өңірінен 29 өнерпаз қатысты. Қазылар а­лқасында Қазақстан Республикасының Халық ­әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, қазақтың көрне­кті ақындары Ұлықбек Есдәулетов пен Бауыр­жан Қарағызұлы, дәстүрлі әнші Ақан Әбдуәл­і, Алматы облыстық тілдерді дамыту жөнінд­егі басқарманың басшысы Ахмет Кендірбекұл­ы болды. Осы байқаудан бізге «ақжолтай» с­үйінші хабары жетті! І. Жансүгіров атында­ғы Мәдениет сарайында өткен өнер бәйгесін­де жас ақын, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәд­ениет және өнер орталығының маманы Талғат ­Мықи үздіктер қатарында үшінші жүлде қоры­н иеленсе, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармон­ияның әншісі Дархан Құлбабаев ынталандыру сыйлығын алд­ы. Жүлдегерлерге ақшалай сыйлық берілді.
«­
Шарапаты мол шара болды. Байқау шарты бойынша, мүшәйраға қатысқан екі өлеңнің алғашқысы Тұманбай Молдағалиевке, ­екіншісін Тəуелсіздіктің 25 жылдығына арн­алды. Жан -жақтан жиналған ақындардың жақсы жырларын тыңдап, жан семіріп қа­лды», - деді Талғат.

Ақынның арнау өлеңін на­зарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

Жұма күні жайып тұрмын алақан…

Екі ақынды ерекше атап дұғада, ­

Екі алақан жайылады жұмада... ­

Бірі – Қадыр Мырза Əлі, ­

Бірі – сенсің Тұмаға! ­

­

Сендер едің – адамдықтан аспаған, ­

Балалығын Соғыс таптап тастаған. ­

Өлім жайлы хаттар қаптап кеткенде, ­

Өмір жайлы өлең жаза бастаған. ­

­

Бұрқыраған өзен болып ақтыңдар, ­

Арқыраған арғымақ боп шаптыңдар. ­

Талықсыған тағдырлардың ішінен, ­

Бір-біріңді іздеп жүріп таптыңдар. ­

­

Көзіміздің қарашығы едіңдер, ­

Елдің қамын, жердің қамын жедіңдер. ­

«Адамдардың арасынан біздерді­

­Ажал ғана айырады», - дедіңдер. ­

­

Екеуің де бұл қазақтың данасы ең, ­

Екеуіңде адал достық бар əсем. ­

Қар жамылып Қадыр кетті бір күні, ­

Мұң жамылып мұнда қалдың, Аға, сен. ­

­

Өмір - Сізге жақсы дос ед(і) сенетін, ­

Қайғырса да қалжындаса беретін. ­

Құса болып іздеп кеттің кешікпей, ­

Құрдасыңды күнде көргің келетін.­

­

Өздеріңді өлең үшін жектіңдер, ­

Жүректерге жауқазын жыр ектіңдер. ­

Бұ дүниеге бірге жылап келдіңдер, ­

О дүниеге бірге жылап кеттіңдер... ­

­

Қатар шөгіп қалды бірдей нар атан, ­

Атты қанша содан бері жаңа таң...­

...Жұмақта да дос болсын деп екеуі, ­

Жұма күні жайып тұрмын алақан…

Əумин!

                                     ­         Талғат Мықи­

www.zhaikpress.kz

 ­

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале