28.09.2016, 10:15
Оқылды: 26

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - басты міндетіміз»

%d1%81%d1%8b%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%bb%d0%b0%d1%81-%d0%b6%d0%b5%d0%bc%d2%9b%d0%be%d1%80%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d2%9b%d0%b0-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%81%d1%8b-%d0%bc%d3%99%d0%b4%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%b5   «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешеніндегі Студенттер Сарайында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің бірден - бір негізі» атты тақырыпта облыстық конференция өтті.


    Бұл жиынды «БҚО Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы» ЗТБ облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің тапсырысы бойынша ««Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыхалықтық қозғалыс» РҚБ облыстық филиалының  қолдауымен ұйымдастырды. Қоғамда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл жиынға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен ҮЕҰ-ның басшылары, жоғары  оқу орнының студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Жиынды БҚО бойынша Азаматтық Альянс Президенті Әлия Сәлиева жүргізіп отырды. Алғашқы боп сөйлеген «ҚазИИТУ» кешенінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, академик  Ақсерік Әйтімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызына тоқталса, оның сөзін жалғастырған коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі бөлімнің басшысы Жеңіс Нығметуллин коммуналдық мүлікті басқарудың құқтық негіздері жөнінде баяндады. Сондай-ақ, облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Біржан Хайруллин мемлекеттік қызмет атқару кезіндегі сыйлық алу мәселесі жөнінде әңгімеледі. Оның сөзінше, мемлекеттік қызметкердің және оларға теңестірілген тұлғалардың қызмет бабында жүріп, ешкімнен сыйлық алуына болмайды. Егер біреу оларға ризашылығын білдіріп, сый-сияпат ұсынса, оны мемлекеттік қызметкер өкілетті орынға апарып тапсыруы тиіс. Олар сыйлықты 7 күннің ішінде олардан да жоғары тұрған құзырлы мекемеге жолдауы тиіс. Егер берілген сыйлық белгіленген мерзімде өкілетті орындарға табысталмаса, онда сыйлықты алған мемлекеттік қызметкерге 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Біржан Марданұлының сөзінше, мемлекеттік қызметкердің туған күніне немесе басқа да жағдайларға байланысты үйінде алған бағалы сыйлығы интернет желісі арқылы жария болмаса, онда ол тәртіп бұзушылыққа жатпайды.

     Бұдан кейін сөйлеген облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің қызметкері  Ольга Кривцова жиналғандарға Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын түсіндірді. Оның нақты деректерге толы баяндамасын жиналғандар қызыға тыңдады. Конференцияда еліміздегі мемлекеттік меншікті басқарудың түйткілді мәселелері мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуы жөнінде де айтылды.

   Жиын соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдарын талқыға салып, оны түп-тамырымен біржолата жою үшін оған барша қоғам болып бірлесіп күресу керек деген шешімге келді. Қаперде ұстайтын басты нәрсе мынау: егер кімде - кім сыбайлас жемқорлық жағдаятына куә болса немесе оның жасалатынына анық көзі жетіп тұрса, онда 1424 телефонына қоңырау шалуы тиіс.  Бұл байланыс еліміз бойынша тегін және кез –келген адамның арнайы Call-орталығына (ақпарат орталығына) хабарласып, бұл жөнінде тегін ақпарат алуына болады.

                                                                                                                           

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале