13.10.2016, 12:51
Оқылды: 48

14 қазанда Орал қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі аталып өтпек

celhozЕртең, 14 қазанда, Орал қаласында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні кеңінен аталып өтпек.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтетін шара барысында алдымен Еуразия мен Достық даңғылының қиылысында ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі салтанатты түрде ашылады.

Кейін «Нұр Отан» ғимаратында өтетін салтанатты жиында облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтау сөз сөйлеп, еңбегімен ерекшеленген ауыл шаруашылығы қызметкерлерін марапаттайды.

Мерекелік жиын соңы өңір өнерпаздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаға ұласады.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар «Нұр Отан» ғимаратының фойесінде аудандар жетістіктері жөніндегі роликтерді тамашалауға мүмкіндік алады.

Түстен кейін  Трекин ауылында асыл тұқымды малдардың және ауыл шаруашылығы жаңа техникаларының көрмесі өтеді.  Сол жерде «Аламан бәйге», «Топ бәйге», «Құнан бәйге» ат жарыстары өтіп, «Теңге ілу», «Аударыспақ» секілді ұлттық ойындар  мен қазақша күрестен сайыс өтеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале