13.10.2016, 18:26
Оқылды: 27

БҚО-да 119 дана қару-жарақ жойылды

%d0%ba%d0%b0%d1%80%d1%83Бүгін Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері комиссия мүшелерінің қатысуымен кезекті қаруды жою жұмысын жүргізді.


Мұндай шара ішкі істер департаментінде әр тоқсан сайын оздырылуда.

Аталған іс-шара департамент  басшылығының төрағалық етуімен және  құрамына тыл, криминалистика, өзіндік қауіпсіздік, тергеу, анықтау салаларының және прокуратура, зауыт қызметкерлері енген комиссияның қатысуымен іске асырылды.

Қызып тұрған отқа 107 дана тегіс ұңғылы аңшылық қару, 8 дана газды тапанша, 2 дана травматикалық қару, 2 дана заттай айғақ жөнелтілді. Ұзын саны 119 бірлік қару бөліктері жойылды.

Қаруды жою жұмысы Орал қаласындағы «КАЗАРМАПРОМ» ЖШС зауытында жүргізілді. Балқытылғаннан кейін алынған металдың салмағы 263 келіні құрады. Шараға прокуратура және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Аталған шара кезінде жойылған қару-жарақтар - ерікті түрде тапсырылған және тәркіленген қарулар.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале