20.10.2016, 10:40
Оқылды: 37

Хан ордасы ауылында моделді кітапханалар ашылды

%d0%bc%d0%be%d0%b4%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96-%d0%ba%d1%96%d1%82%d0%b0%d0%bf%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%b0%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8b   Хан ордасы ауылында заманауи үлгіде жабдықталған қос бірдей  модельді кітапхананың (ауылдық және балалар)  ашылу салтанаты оздырылды.

Тұңғыш кеңестік-қазақ атты әскер полкінің комиссары Бисен Жәнекешев пен сексен ердің, Совет Одағының Батыры М.Мәметованың ескерткіштері мен Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан бөкейлік боздақтар монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталған шара одан әрі қоғамның рухани азығы  – кітапхана саласының мән-маңызын айшықтаған салтанатқа ұласты.


   Оған аудан  басшылары, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының және Жаңақала, Қазталов, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлары, барлық кітапханашылар, ауыл оқырмандары, мұражай кешені қызметкерлері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Алдымен сөз алған аудан әкімі Н.С.Рахымжанов меймандарға қасиетті Орда топырағына қош келдіңіздер айтып, ауыл тұрғындарын осынау игілікті іспен  құттықтады. Жиылғандар өңір тарихынан сыр шертетін Орда мұражай кешенінің стендісі мен «Өткенсіз ел, тарихсыз жер болмайды» атты кітап көрмесін тамашалау үшін ішке енді.

Мәдениет үйінің екінші қабатындағы Орда ауылдық модельді кітапханасының есігіне керілген қызыл лентаны қию құрметі Нұрлан Сағынтайұлы мен осы кітапхананың байырғы оқырманы Мақпал апа Ғұбашеваға бұйырды.  Одан әрі «Тәуелсізбін, егеменмін, еркінмін» атты үш бөлімді кітап көрмесіне шолу жасалып, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Роза Исатаева ризашылық лебізін білдіріп, екі модельді кітапхананың сертификаттарын табыстады. «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік!» тақырыбында әдеби жәрмеңке оздырылып, жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Түс алды  үзілістен соң Орда ауылдық  модельді балалар кітапханасын ашқан алқалы топқа періште пейіл балдырғандар «Бар мейірім сіздерге» атты мерекелік концертін ұсынып, әсем ән мен келісті биден шашу шашты.

Бөкей ордасы мұражай кешенін аралаған соң шақырулы меймандар арнайы «Қыз Жібек» мейрамханасында жайылған қонақасыдан дәм татты.

Г.БАДЕЛОВА

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале