20.10.2016, 13:38
Оқылды: 22

Мұхит баба ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

%d0%bc%d1%83%d1%85%d0%b8%d1%82-%d0%b5%d1%81%d0%ba%d0%b5%d1%80%d1%82%d0%ba%d0%b8%d1%88  Кесенеге зиярат еткен меймандар одан соң Саралжын ауылдық округінің орталығы Қарақамыс ауылындағы дарынды дала бұлбұлы Мұхит Мерәліұлының ескерткішіне аялдап, гүл шоқтарын қойды.


Ескерткіш жанындағы мәдени шарада Қаратөбе аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев сөз сөйлеп, меймандарға «Қош келдіңіз!» айтты.

Одан соң баба тойына Түркістан қаласынан арнайы келген ҚР Халық әртісі, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, әнші-термеші Қажыбек Бекбосын тілек арнап, елге құтты болсын айтты.

Дарабоз өнер иесі хақында тағылымды әңгіме өрбітіп, ескерткіш жанында естелікке суретке түсті.

Айта кету керек, 1991 жылдың маусым айында тойланған Мұхит бабамыздың 150 жылдығы мерекесі қарсаңында аталмыш ауылда Мұхит ескерткіші бой көтерді.

Мұхит Мерәліұлы Қазақстан­ның батыс өлкесінде өзіндік дәстүрлі ән мектебін қалыптастыра білген біртуар тұлға. Осын­дай тұжырымды тұңғыш рет айтқан поляк ғалымы А.В.Затаевич екен. Ол өзінің “Қазақ халқының 1000  әні” атты жинағында Мұхиттың мол мұрасына айырықша тоқта­лған. Ол Мұхитты «Қазақтың бая­ны» деп, теңдессіз баға берген.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале