25.10.2016, 10:56
Оқылды: 30

Қоларба сыйлады

%d2%9b%d0%be%d0%bb%d0%b0%d1%80%d0%b1%d0%b0-%d1%81%d1%8b%d0%b9%d0%bb%d0%b0%d0%b4%d1%8b  Қазталов ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Әбіш елді мекенінің тұрғыны болған, бүгінде Жалпақтал ауылында тұрып жатқан І топ мүгедегі Максим Омарғалиевқа қол арба табыс етілді.

24 қазан күні Жаңажол ауылдық округінің әкімі Арман Алдабергенов, ауданнның ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының Жаңажол бастауыш партия ұйымының төрайымы Мәрзия Сисенова Максим Омарғалиевтың шаңырағында болды.


Айналасындағылардың ықыласына бөленгенді жаны сүйетін, сәлемдесіп, көңіл аударғанның өзін үлкен мәртебе санайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметтің қай түрі де артықтық етпейді. Ауданымызда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету өз деңгейінде жүріп келеді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі атынан І топ мүгедегі Максим Омарғалиевке мемлекет тарапынан қоларба табыс етті.

–Елбасының тапсырмасына орай бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан тыс қалдырмау мақсатында қолдан келгенінше жағдай жасап жатыр,– деді ауданның ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов

Өзіне осындай қамқорлық жасаған ауыл әкіміне, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің мамандарына риасыз ризашылығын білдірген Максим Омарғалиев алғысын да жаудырып, мәре-сәре болды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале