25.10.2016, 13:56
Оқылды: 29

Серік Хабибуллин есепшілерге трейнинг өткізді

Жуырда Шыңғырлау колледжінің ғимаратында 2016 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының
«Мемлекеттік сатып алу» туралы жаңа қабылданған Заңын жүзеге асыру, осы бағытта заң шеңберінде жұмыс істеуді жетілдіруге арналған семинар болып өтті. Оған аудан аумағындағы мекеме, ұйымдардың бас есепшілері қатысты. Басқосуды ашқан аудандық қаржы бөлімі басшысының орынбасары Саян Баймұханов жаңа заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен әңгіме өрбитінін айта келіп, қатысушыларды ашық әңгімеге шақырды.

Жиынды ұйымдастыруға мұрындық болған Орал қаласынан келген жеке кәсіпкер-ұйымдастырушы Серік Хабибуллин барлық еспшілерге заңдылық аясында ақпараттық көмек көрсету, өзгерістер мен толықтыруларды басшылыққа алу туралы түсіндіру,  мемлекеттік сатып алу талабынынан туындайтын қайсыбір қиындық тудыратын жәйттар туралы емен-жарқын пікір алмасуға келгендіктерін айта келіп, слайд арқылы біраз түсініктер берді.%d0%bf%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d1%8b-%d0%b6%d2%af%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d1%81%d1%83

Сонымен қатар, лектор Ұлдай Бақаева мемлекеттік сатып алу барысында жиі кездесетін кемшіліктер мен құжаттар жинақтау барысындағы түсінбеушіліктердің алдын алу туралы кеңінен баяндап, қойылған сұрақтарға жан- жақты жауап берді.

Жаңарған мемлекеттік сатып алу Заңын толықтай түсіндіру мақсатын көздеген бұл жиын есепшілер үшін  пайдалы жүздесу болғандығында сөз жоқ.

Гүлшат Ибрагимқызы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале