26.10.2016, 11:30
Оқылды: 20

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82-%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%b8%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d1%80-%d1%83%d0%bb%d1%82%d1%82%d1%8b%d0%ba1         Жәнібек ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтіп, оған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин төрағалық етті.

Комиссия отырысын ашқан аудан басшысы мемлекеттік рәміздердің тәуелсіздік пен егемендіктің бірігей белгілері екендігін атап айтты. – Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Рәміздерді құрметтеу мен дұрыс қолдану мемлекеттік органдар мен барлық азаматтардың міндеттері. Осы міндеттерді орындау бағытында ауданда біркелкі жұмыстар жүргізілуде, - деген Наурызбай Қадырбайұлы олардың бірқатарына тоқталып өтті.  Жиын барысында Талов ауылдық округінің әкімі Марат Мұханбетжанов, Жақсыбай ауылдық округінің әкімі Алмат Қаратаев, Борсы ауылдық округінің әкімі Айгүл Бекқалиева, Қамысты ауылдық округінің әкімі Асқар Сәрсенғалиев және Тау ауылдық округінің әкімі Кенжебек Еркеғұлов аталған ауылдық округтердегі мекеме-ұйымдарда мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы жайында хабарламалар оқыды.

         Жиналысты қорытындылаған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ел тірегі болып саналатын мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолданып, тұрғындар арасында ақпараттық-түсінік жұмыстарын белсенді жүргізу қажеттігін жеткізді.

Д.Зеннат

Жәнібек ауданы

 www.zhaikpress.kz        

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале