26.10.2016, 11:35
Оқылды: 36

Тасқалалықтар Круглоозерныйда

Қазанның 25-і күні Круглоозерный психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде Тасқала ауданы өнерпаздарының Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен қайырымдылық айлығы аясында концерті өтті.


            «Ән көңілдің ажары» атты концертіне аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мүсәлімова және өңіріміздегі белгілі кәсіпкер Қ.Тасқалиев қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Аудан әншілері Х.Сұлтангереев пен А.Аюпова «Алға, қазағым» әнін орындаса, ал Д.Бекқалиев «Миллион қыздар» әнін шырқап, жиналғандардың қошеметіне бөленді. Шара соңында Люция Әсетқызы аталмыш мекеме басшысы Қайреден Жақсығұловқа естелік сыйлық табыс етті.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале